"Руханияттың мөлдір бұлағы" атты студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі

11.02.2021

2021 жылдың 2-10 ақпан аралығында өзін-өзі тану онкүндігі аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде " Руханияттың мөлдір бұлағы" атты шығармашылық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты колледж студенттерін шығармашылық қызметке тарту арқылы сәндік-қолданбалы өнерін және бейнелеу өнерін насихаттау, мәдени дәстүрлер мен адамгершілік рухани құндылықтарды сақтау. Байқауға қатысуға колледждің 1-2 курс студенттері, және шығармашылық топтар шақырылды. Өз жұмыстарында студенттер байқау тақырыбын, атап айтқанда мейірімділік, отбасы, бейбітшілік және достық жайында көрсетті. Жұмыстар сурет, қолдан жасалған бұйымдар, бейнесюжеттер, коллаждар түрінде орындалды. Ұсынылған жұмыстарды әділ-қазылар алқасы бағалады. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы А.И.Растенова


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст